Қаз

  • Рус
  • Қаз

Жауабын таппадым

Хабарсыз арқылы жазыңыз немес безге қоңырау шалыңыз - без сізге оны анақтауға комектесеміз

1. Желіге қосылу:

Шарт жасасу үшін мыналарды ұсыну қажет:

  • Жеке басты куәландыратын құжат
  • Желіге алғашқы қосылу үшін біржолғы төлем — 0 тг.
  • Абоненттің жабдығын Оператор желісіне қосу (Абоненттің үй-жайы ішінде кабель монтаждаусыз) — тегін;
  • Жабдықты желіде жұмыс істеу үшін бастапқы баптау — тегін;
  • Абоненттің үй-жайында орналастырылатын желілік адаптер (Ethernet Card), маршрутизатор (Wi-Fi Router) және басқа да деректерді беру құрылғылары қызмет құнына кірмейді;
  • Операциялық жүйені немесе антивирустық қорғанысты баптау/қайта орнату, маршрутизаторды (Router) баптау және басқа да қосымша жұмыстар көрсетілетін қызметтердің құнына кірмейді және орындалмайды;
  • Оператордың мекенжай кеңістігінен бір IP-мекенжай беріледі. Қосымша компьютерлер маршрутизатор арқылы қосылады (бөлек сатып алынады және оны Абонент өз бетінше баптайды).

2. Интернет:

  • Жылдамдық Оператордың магистральдық операторға жақын орналасқан қосылу нүктесіне дейін кепілдендіріледі;
  • Трафик көлемі есепке алынбайды (Шексіз интернет).

3. Жергілікті сегмент:

  • Қосылу жылдамдығы — 10/1000 Мбит/с;
  • Трафик көлемі есепке алынбайды.

4. Қызметтер алдын ала төлем бойынша көрсетіледі:

  • Есептік кезең айдың 1-інен соңғы күніне дейінгі кезең болып табылады;
  • Абоненттің дербес шотында оң баланс болған кезде — күн сайын тарифтік жоспар құнының 1/30 бөлігі есептеледі;
  • Абоненттің дербес шотында нөлдік немесе теріс баланс болған кезде қызметтер 700 тг дейінгі сомаға несиеге беріледі.
  • 700 тг-ден астам берешек болған кезде — қызмет көрсету тоқтатыла тұрады;
  • Қызмет тоқтатыла тұрған уақытта есептеулер жүргізілмейді;
  • Егер интернетке қол жеткізудің негізгі қызметі бір айға немесе одан да көп уақытқа тоқтатылса (қаражаттың болмауы және т.б.), қосымша қызметтерді (телефон, сыртқы IP және т.б.) пайдалану кезінде резервтелген ресурстар босатылады, қызметтер аяқталады. Бұл ретте босатылған ресурстар белсенді абонентке берілуі мүмкін;
  • Тарифтік жоспарды ішінара төлеуге жол берілмейді;
  • Қосылған кезде есептеулер қызметтің нақты көрсетілген бірінші күнінен бастап жүргізіледі.

5. Тарифтік жоспарды ауыстыру тегін, айына тек бір рет, жаңа айдың 01-інен бастап жүзеге асырылады.

Тарифтік жоспарды тариф құнын арттыра отырып ауыстыру айдың кез келген күнінде мүмкін болады.

7. Абоненттің үй-жайында Оператордың кабелі болған жағдайда — қосымша кабельді монтаждау құны — 5 500 тг. Бұрыннан бар кабельдерді ауыстыру/жылжыту жүргізілмейді!

8. Егер абонент кабельді өз бетінше ауыстырса/жылжытса/жалғаса, онда бұл кабельге одан әрі қызмет көрсетілмейді.

9. Шарт бұзылғаннан кейін қайта қосылу немесе Абоненттің үй-жайында Оператор кабелі болған кезде жаңадан қосылу тегін жүзеге асырылады.

11. Интернет кабелі қосылған мекенжайда коммерциялық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және тұлғалардың басқа да санаттарына тиісті санаттардағы тарифтер қолжетімді.

  • Жоғарыда аталған барлық санаттағы Абоненттерге жеке тұлғаларға арналған тарифтерді пайдалануға тыйым салынады! Сәйкессіздік анықталған жағдайда интернет желісіне қолжетімділік құжаттар қайта рәсімделгенге дейін бұғатталатын болады.

11. 03.12.2016 бастап ағымдағы тарифтік жоспарларды алдын ала төлеу кезіндегі жеңілдіктер мөлшері:

  • 6 айға төлеген кезде — 5% жеңілдік
  • 12 айға төлеген кезде — 10% жеңілдік

12. Жеңілдікті ұсыну шарттары:

  • Жеңілдік тек ағымдағы тарифтік жоспарға беріледі;
  • Жеңілдік қосымша қызметтерге қолданылмайды;
  • Жеңілдікті алу үшін төлемді бір күн ішінде жасау қажет. Күн ішінде бірнеше сомамен төлеуге жол беріледі;
  • Жеңілдік мөлшері төлем жасалған күні есептеледі және тарифтік жоспардың құны өзгерген кезде индекстелмейді;
  • Жеңілдіктің басталу күні және қатаң белгіленген аяқталу күні болады;
  • Қызмет тоқтатыла тұрған уақытта жеңілдік қолданылмайды және тоқтатыла тұрған уақытқа ұзартылмайды;
  • Басқа тарифтік жоспарға ауысқан кезде жеңілдік жойылады. Дегенмен, бастапқы тарифтік жоспарға қайта оралғанда, егер жеңілдік мерзімі аяқталмаса, ол қайта қолданыла бастайды;
  • Қаражат қайтарылған жағдайда жеңілдік күшін жояды;
  • Қолданылған жеңілдіктер Абоненттің Жеке кабинетінде «Есептеулер мен төлемдер» бөлімінде көрсетіледі.

13. Оператор жеңілдіктерді ұсыну шарттарын өзгерту құқығын өзіне қалдырады.


Есептеулер қалай жүргізіледі?

Мысалы: 21-і күні «ХИТ» тарифіне қосылған кезде 3 999 тг сомасынан 10/30 бөлігі есептеледі, бұл 1 333 тг құрайды. «1/30» көрсеткіші есепті айдағы күндер санына байланысты өзгереді (30 немесе 31 күн, ақпан 28 немесе 29 → тиісінше «1/30», «1/31», «1/28», «1/29»).

  1. /connect қолданбаларын қолданыңыз
  2. Қосылу ақысын төлеңіз («Интернетті комиссиясыз қалай төлеуге болады?» бөлімін қараңыз) Онлайн Онлайн-өтінім бергеннен кейін Сізге таңдалған тарифтік жоспардың құнын төлеу қажеттілігі туралы SMS келеді
  3. Әдетте біз 5 жұмыс күнінен кешіктірмей қосамыз, көбінесе бәрі әлдеқайда жылдам орындалады

Егер онлайн-өтінім беру парақшасындағы тізімде үйіңіз болмаса, бұл біздің байланыс желiлерiнiң әлі үйіңізге дейін жеткізілмегенін білдіреді. xcom.kz/ntv сайтында өтінім қалдырыңыз — интернетке қосылудың техникалық мүмкіндігі пайда болған бойда сізбен хабарласамыз.

Әлеуметтік желілеріміздегі жаңалықтарды бақылап отырыңыз: онда біз жаңа үйлер мен аудандардағы монтаждау жұмыстарының басталуы мен аяқталуы туралы ақпаратты жариялаймыз.

Instagram @xcomkz

Роутерде «WAN» немесе «INTERNET» ұяшығы (разъемы) болуы керек.

Егер роутеріңізде ADSL ұяшығы болса, онда бұл құрылғы біздің желіге қосылуға жарамайды. Сіз бізден жеңілдікпен қуатты Wi-Fi сатып ала аласыз — біз оны қосылу кезінде тегін жеткізіп береміз.

Сіз кез келген Wi-Fi роутерді немесе маршрутизаторды (бірақ ADSL-модем емес) қаланың кез келген дүкенінен сатып ала аласыз.

Егер сізге мыналар қажет болса:

  1. Қатпайтын (іркілмейтін) Wi-Fi
  2. Қаражатты қайтару кепілдігі
  3. Өмірлік қызмет көрсету
  4. Интернетке алғаш рет қосылу кезінде жеткізу және төлеу

МАҢЫЗДЫ: Wi-Fi паролі мен логинін ауыстыру қызмет көрсетуге кірмейді.

Құрылғыларды сатып алу және жалға алу кезінде Абонент келесі артықшылықтарды алады:

  1. Өмірлік қызмет көрсету — қолданыстағы абоненттер үшін тегін. Қызмет көрсету компания офисінде жүзеге асырылады.
  2. Қайтару кепілдігі — тауарлық түрі мен қаптаманың толық жиынтығы сақталған жағдайда 14 күн.
  3. Кепілдікті жөндеу — қаптамасы (құрылғыға сәйкес келетін сериялық нөмірі бар қорабы) болған жағдайда 12 ай бойы тегін.

Толық кепілдік шарттары

  1. Құрылғы ескірді. Роутеріңізге көп жыл болды ма? Оны ауыстыратын уақыт келді.
  2. Қуат беру блогында мәселе бар. Маршрутизаторыңызға қалыпты жұмыс істеу үшін қуат жетіспейді. Интернет-дүкеннен жаңа қуат беру блогына тапсырыс беріп көріңіз.
  3. Кедергілер. Айналар, қабырғалар және тіпті аквариум — Wi-Fi сигналы үшін үлкен кедергі. Құрылғыны үйдің дәл ортасына ауыстырыңыз, роутерді шкафқа, әсіресе шеткі бөлмеге немесе пәтердің кіреберісіне қоймаңыз — бұлар ең қолайсыз орындар.
  4. Интерференция. Сигналдың тұрақтылығына үйдегі немесе көршідегі Wi-Fi құрылғылары, тіпті микротолқынды пештер әсер етуі мүмкін. Айналада құрылғылар неғұрлым көп болса, Wi-Fi соғұрлым нашар жұмыс істейді. Сондықтан екі диапазонды маршрутизатор сатып алыңыз — ол ең тұрақты 5 GHz диапазонында жұмыс істей алады.

Бұл ақша қалдық ретінде сақталады. Келесі айда төлем жасаған кезде қалған соманы ескере отырып, азырақ төлеуіңізге болады.

cabinet.xcom.kz Жеке кабинетінің логині мен паролін алудың 2 тәсілі:

  1. Пароль мен логин шартта, абонент деректері көрсетілген кестеде жазылған. Шарт жоғалған жағдайда, иесі жеке куәлігі болған кезде компания офисінен оның көшірмесін ала алады.
  2. Біз сізге шарт жасасу кезінде сенімді нөмір ретінде көрсетілген мобильді нөмірге SMS жібере аламыз. Бізбен сайттың төменгі бөлігінде көрсетілген тәсілдердің бірімен хабарласуға болады.

Тарифті 3 тәсілдің бірімен ауыстыруға болады:

  1. Жеке кабинетте лезде
  2. Telegram чатымызға жазыңыз xcomkz_bot
  3. Компания офисінде — өзіңізбен бірге міндетті түрде жеке куәлікті ала келіңіз.

Комиссиясыз төлеу өте оңай! Балансты толтырудың өзіңізге ыңғайлы нұсқасын таңдаңыз:

  1. Үйден шықпай кез келген картамен — pay.xcom.kz
    Wi-Fi желісіне қосылыңыз, сонда шарт нөмірін енгізудің қажеті болмайды!
  2. kaspi.kz
    Шарт нөмірін білу қажет
  3. Halyk
    Шарт нөмірін білу қажет
  4. XCOM-терминалдары — терминалдар тізімі
    Тек мекенжайды немесе шарт нөмірін біліп төлеуге болады
  5. QIWI-әмиян — qiwi.kz
    Шарт нөмірін білу қажет
  6. QIWI-терминалдары — терминалдар тізімі
    Шарт нөмірін білу қажет

Роутерді төңкеріп, 8 саннан тұратын штрих-коды бар стикерді табыңыз — бұл сіздің әдепкі бойынша Wi-Fi желіңіздің паролі.

Роутердің қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз. Индикаторлар жыпылықтай бастағанша немесе өшкенше баптауларды нөлдеу батырмасын 10–30 секунд бойы басып тұрыңыз. Батырманы жіберіп, құрылғының қайта жүктелуін күтіңіз.

Нөлдеу батырмасы: роутеріңіздегі немесе модеміңіздегі кішкентай батырма. Әдетте артқы немесе төменгі панельде орналасады. Оны басу үшін сізге скрепка немесе басқа жіңішке зат қажет болуы мүмкін.

Веб-интерфейс арқылы нөлдеу:

  1. Роутерге немесе модемге Ethernet кабелі немесе Wi-Fi арқылы қосылыңыз.
  2. Веб-браузерді ашып, құрылғының IP-мекенжайын енгізіңіз (әдетте бұл 192.168.0.1 немесе 192.168.1.1).
  3. Пайдаланушы аты мен парольді пайдаланып жүйеге кіріңіз (әдетте әдепкі бойынша admin/admin қолданылады).
  4. Баптаулар немесе жүйелік құралдар бөлімін табыңыз.
  5. Баптауларды зауыттық күйге дейін нөлдеу опциясын таңдап, әрекетті растаңыз.

Егер құрылғыңыз бұл Wi-Fi желісіне автоматты түрде қосылмайтындай етіп оны өшіргіңіз келсе, келесі нұсқауларды орындаңыз:

Windows:

  1. «Параметрлерді» (Настройки) ашып, «Желі және Интернет» (Сеть и Интернет) бөлімін таңдаңыз.
  2. «Wi-Fi» бөліміне өтіп, «Белгілі желілерді басқару» (Управление известными сетями) таңдаңыз.
  3. Өшіргіңіз келетін желіні тауып, оны басыңыз.
  4. «Өшіру» (Забыть) батырмасын таңдаңыз.

macOS:

  1. «Жүйелік баптауларды» (Системные настройки) ашып, «Желілер» (Сети) бөліміне өтіңіз.
  2. Сол жақтағы тізімнен Wi-Fi таңдаңыз.
  3. «Қосымша» (Дополнительно) батырмасын басыңыз.
  4. «Таңдаулы желілер» (Предпочитаемые сети) тізімінен керекті желіні тауып, оны белгілеңіз.
  5. «−» таңбасын басып, жоюды растаңыз.

iOS (iPhone/iPad):

  1. «Баптауларды» (Настройки) ашып, «Wi-Fi» бөліміне өтіңіз.
  2. Желіні тауып, оның жанындағы ақпарат белгішесін (i) басыңыз.
  3. «Осы желіні өшіру» (Забыть эту сеть) таңдап, әрекетті растаңыз.

Android:

  1. «Баптауларды» (Настройки) ашып, «Желі және Интернет» немесе «Қосылымдар» (Подключения) бөлімін таңдаңыз (модельге байланысты).
  2. «Wi-Fi» бөліміне өтіп, сақталған желілерді табыңыз.
  3. Желіні басып тұрып, «Желіні өшіру» (Забыть сеть) немесе «Жою» (Удалить) батырмасын таңдаңыз.

Интернетті қолдан баптау кезінде Оператордың DNS-серверлерін көрсете аласыз:

  • Негізгі: 10.0.2.2
  • Резервтік: 10.0.2.5

Бұл DNS-серверлер қосылымның жылдам әрі сенімді жұмысын қамтамасыз етеді.

Dynamic IP (DHCP)

Егер сізде интернетке қосылым болмаса, келесі қадамдарды орындаңыз:

  1. Физикалық қосылымды тексеріңіз: барлық кабельдердің роутерге немесе басқа құрылғыға дұрыс жалғанғанына көз жеткізіңіз.
  2. Кұрылғыны қайта жүктеңіз: роутерді бірнеше секундқа өшіріп, қайта қосыңыз. 2 минут күтіп, Wi-Fi желісіне қайта қосылыңыз.
  3. Егер сіз роутерге Ethernet кабелі арқылы қосылған болсаңыз, компьютердегі желілік қосылым индикаторының жанып тұрғанын тексеріңіз.
  4. Көмектеспеді ме? Біздің техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Шарт жасасу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • Жеке кәсіпкер куәлігі;
  • Жеке куәлік;
  • Тұрғын емес жайды жалға алу шарты немесе жылжымайтын мүлікке арналған құжаттар.

Желіге қосылу үшін біржолғы төлем — 7 500 тг.

Қосылудың күрделілігіне және нысанның қашықтығына байланысты қосылу құны бөлек есептеледі.

Абонент құрылғысын Оператор желісіне қосу (Абонент үй-жайы ішінде кабель монтаждаусыз) — тегін.

Құрылғыны желіде жұмыс істеуге бастапқы баптау — тегін.

Құнға Абоненттің үй-жайында орналастырылатын желілік адаптер (Ethernet Card), маршрутизатор (Wi-Fi Router) және басқа да деректерді беру құрылғылары кірмейді.

Операциялық жүйені немесе антивирустық қорғанысты баптау/қайта орнату, маршрутизаторды (Router) баптау және басқа да қосымша жұмыстар — қызмет көрсету құнына кірмейді және орындалмайды.

Оператордың мекенжай кеңістігінен бір IP-мекенжай беріледі. Қосымша компьютерлер маршрутизатор арқылы қосылады (бөлек сатып алынады және Абонент өзі баптайды).

Жылдамдық Оператордың магистральдық операторға қосылудың ең жақын нүктесіне дейін кепілдендіріледі.

Трафик көлемі есептелмейді (Шексіз интернет).

Қосылу жылдамдығы — 10/100 Мбит/с.

Трафик көлемі есептелмейді.

  • Есептік кезең — айдың 1-ші күнінен соңғы күніне дейінгі аралық;
  • Абонент шотында оң баланс болған жағдайда — тарифтік жоспар құнының 1/30 бөлігі күн сайын есептеледі;
  • Абонент шотында нөлдік немесе теріс баланс болған жағдайда қызметтер 700 тг дейінгі сомаға несиеге (кредитке) ұсынылады;
  • Берешек 700 тг-ден асқан кезде қызмет көрсету тоқтатылады;
  • Қызмет көрсету тоқтатылған уақытта төлемдер есептелмейді;
  • Егер интернетке қол жеткізудің негізгі қызметі бір ай немесе одан да көп уақытқа тоқтатылса (қаражат болмағанда т.б.), қосымша қызметтерді (телефон, сыртқы IP және т.б.) пайдалану кезінде резервтелген ресурстар босатылып, қызметтер аяқталады. Бұл ретте босаған ресурстар белсенді абонентке берілуі мүмкін;
  • Тарифтік жоспарды ішінара (бөліп) төлеуге жол берілмейді;
  • Қосылған кезде төлемдер қызметтің нақты көрсетіле бастаған бірінші күнінен бастап есептеледі.

Тарифтік жоспарды ауыстыру тегін, айына тек бір рет, жаңа айдың 01-інен бастап жүзеге асырылады.

Тарифтік жоспарди тарифтік құнының өсуімен айдың кез Келген күнінде өзгертуге болади. Сәлем 123

Абоненттің үй-жайында Оператордың кабелі болған кезде — қосымша кабельді монтаждау құны 7 500 тг. Бұрыннан бар кабельдерді ауыстырып орнату жүргізілмейді!

Егер абонент кабельді өзі ауыстырып орнатса/ауыстырса/жалғаса, онда бұл кабельге одан әрі қызмет көрсетілмейді.

Шарт бұзылғаннан кейін қайта қосылу немесе Абоненттің үй-жайында Оператордың кабелі болған жағдайда жаңадан қосылу — тегін.

ИП-ға интернет-кабель қосылған орындағы үй-жайда коммерциялық қызметті жүзеге асыратын барлық шағын бизнес иелері, сондай-ақ нотариустар және басқа да өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар теңестіріледі.

Жоғарыда аталған Абоненттердің барлық санаттарына жеке тұлғаларға арналған тарифтерді пайдалануға тыйым салынады! Сәйкессіздік анықталған жағдайда, құжаттар қайта рәсімделгенге дейін интернет желісіне кіру бұғатталатын болады.

Мысалы: айына 9 999 теңгелік тарифтік жоспарға айдың 21-і күні қосылған кезде 9 999 тг. сомасының 10/30 бөлігі, есептелетін сома 3 333 тг. құрайды.

«1/30» көрсеткіші есепті айдағы күндер санына байланысты өзгеріп отырады (30 немесе 31 күн, ақпан 28 немесе 29 → тиісінше «1/30», «1/31», «1/28», «1/29»).